![]() |
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың мәлімдемесі |
Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей Федерациясы ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялаудан бас тартуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болды.
Ресей Федерациясы басынан бастап ЯСЖТШ-ны үнемі қолдап, қарусыздану жөніндегі конференцияда шарт бойынша келіссөздерге көмек көрсетті және 1996 жылғы 24 қыркүйекте қол қоюға ашылған күні ЯСЖТШ – ға қол қойды, содан кейін оны 2000 жылғы маусымда ратификациялады.
Ресей ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады, халықаралық мониторинг жүйесінің (ХМЖ) белгіленген станцияларының саны бойынша аумақтық жағынан екінші орында (32 станция). Ресей шенеуніктерінің мақсатты жұмысының арқасында станцияларды орнату биыл аяқталады.
Егер Шартқа қатысушы елдердің кез келгені ЯСЖТШ ратификациялау туралы шешімін қайта қараса, бұл өте алаңдатарлық және өкінішті болады. Соңғы екі жылда біз ЯСЖТШ-ның белсенді ратификациялануын байқадық, қазіргі уақытта 178 ел шартты ратификациялады.
ЯСЖТШ ядролық сынақтарға қарсы күшті режим орнатты және бүкіл адамзаттың игілігі үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке баға жетпес үлес қосты. Қазіргі уақытта бұл үлесті бұрынғыдан да күшейту маңызды.
Ресей Федерациясымен және ядролық сынақтардан азат әлем құруға үлес қосқан барлық мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа үміттенемін.
Тарихи анықтама
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) кез келген жерде және кез келген уақытта кез келген ядролық жарылыстарды жүргізуге тыйым салады. Қазіргі уақытта шартқа қол қойған 187 мемлекеттің 178-і оны ратификациялады. Шарт күшіне ену үшін Шартқа 2-Қосымшада санамаланған барлық 44мемлекет ратификациялауы тиіс, оның ішінде 8 мемлекет осы уақытқа дейін оны ратификацияламаған.
Шартты сақтау үшін ЯСЖТШҰ халықаралық мониторинг жүйесін (ХМЖ) ұйымдастырды. Қазіргі уақытта 337-ден 305 мониторинг нысаны сертификатталған, олар бүкіл әлем бойынша орнатылған және төрт негізгі технологияны қолданады: сейсмикалық, гидроакустикалық, инфрақызыл және радионуклидтік.
ХМЖ жинайтын деректерді әртүрлі мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады, соның ішінде табиғи апаттар қаупін азайту, мысалы, сейсмикалық бақылау жүйелері және цунами туралы ерте ескерту арқылы. Сонымен қатар, деректерді киттердің көші – қонынан климаттың өзгеруіне және муссондық жаңбырдың болжамына дейінгі әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады.
![]() |
Сомали ЯСЖТШ-ға «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке мызғымас міндеттеменің дәлелі» ретінде қол қойды. |
8 қыркүйек күні Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қою рәсімі өткізілді, Сомали Федеративтік Республикасы Шартқа қол қойған 187 ел болды. Рәсімге өз елінің атынан Шартқа қол қойған БҰҰ – дағы Сомали Федеративтік Республикасының тұрақты өкілі Абукар Дахир Осман және БҰҰ заң мәселелері жөніндегі Департаменті Шарт бөлімінің басшысы Дэвид Нанопулос Али қатысты. Бұл мәселе бойынша өзгеріс Шығыс Африка мемлекетінің Сыртқы істер министрі Абшир Омар Джама Хурус 2023 жылғы 19 маусымда «Ғылым және технология» ЯСЖТШ конференциясының ашылу салтанаты кезінде шартқа қол қоюға уәде бергеннен кейін орын алды. Сомали министрі 2000 - ға жуық зерттеуші, ғалым, техник, академик, азаматтық қоғам өкілдерін және бүкіл әлем бойынша шартқа қатысушы елдердің делегаттарын біріктірген ашылу салтанатында: «Біз ЯСЖТШ-ға қол қою тек символдық қимыл емес, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке деген мызғымас міндеттемеміздің дәлелі екенін түсінеміз», - деді. Роберт Флойд-2023 жылдың ақпанында Сомалиге ресми сапармен келген ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы, осы Шартқа қол қою арқылы ел «Ядролық сынақтарды аяқтауға бүкіләлемдік үндеуге өз дауысын қосады»-деді. «Мен Сомалиге осы қадамына, бүкіл Африка континентінің ЯСЖТШ-ға жақындағаны үшін өте ризамын. Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселесінде осы өңірдің көшбасшылығы өте мақтауға тұрарлық», - деп толықтырды ЯСЖТШБ басшысы. Бүгінгі таңда аймақтың 54 мемлекетінің 50-і ЯСЖТШ ратификациялады. Сондай-ақ Африкада ЯСЖТШ халықаралық мониторинг жүйесінің 303 нысанының 38-і орналасқан. Ақпан айында Сомалиге сапары кезінде Р. Флойд елдің премьер-министрі Хамза Абди Бармен және министр Джама Хуруспен кездесті, олар ЯСЖТШ-ға деген адалдықтарын білдірді. Р. Флойд сонымен бірге Сомалидің Әділет министрі Хасан Моалиммен, қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрі Хадиджа Мохамед ханыммен және парламент спикері Шейх Адан Мохамед Нурмен сөйлесті. БҰҰ Бас хатшысының қарусыздану жөніндегі орынбасары Изуми Накамитсу осы оқиғаны еске алу үшін хабарлама жіберді, онда «ЯСЖТШҰ-ның барлық әлеуеті ЯСЖТШ күшіне енген кезде ғана іске асырылуы мүмкін» делінген.
ЯСЖТШ кез келген жерде және кез келген уақытта барлық ядролық сынақтарды өткізуге тыйым салады. Шартты тану бүкіл әлемде дерлік, Шартқа қатысушы 187 елдің 178-і шартты ратификациялады. Алайда, күшіне ену үшін Шартты 2-Қосымшада аталған барлық 44 мемлекет ратификациялауы тиіс, оның ішінде 8 ел осы уақытқа дейін Шартты ратификацияламаған. Шартты сақтау үшін ЯСЖТШҰ халықаралық мониторинг жүйесін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша орнатылған 337-ден 305 мониторинг нысаны сертификатталған. ХМЖ жинаған деректерді әртүрлі мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады, соның ішінде табиғи апаттар қаупін азайту, мысалы, сейсмикалық бақылау жүйелері және цунами туралы ерте ескерту арқылы. Сонымен қатар, деректерді киттердің көші – қонынан климаттың өзгеруіне және муссондық жаңбырдың болжамына дейінгі әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады.
06.03.2025
24.11.2024
06.03.2025
24.11.2024
19.03.2024
23.01.2024