Жалпы ақпарат
Сіз ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы Шарт Ұйымының (ЯСЖТШҰ) (https://www.ctbto.org) халықаралық мониторинг жүйесі (ХМЖ) құрылымында өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық деректер орталығының (ҚҰДО) сайтына кірдіңіз. Халықаралық мониторинг жүйесі әлемнің 90 мемлекетінің аумағында орналасқан сейсмикалық, инфрадыбыстық, радионуклидтік және гидроакустикалық станцияларды қамтиды. Жүиені құрудың мақсаты – ЯСЖТШҰ орындалуын бақылау. Сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін жоғары сезімталды станциялар жер сілкінісі және басқа да табиғи және техногендік құбылыстардың көп мөлшерін тіркейді, сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуге, цунами туралы ескертулерге және т. б. өз үлесін қосады.
Картада жер шарында ЯСЖТШҰ ның құрған халықаралық мониторинг жүйесі станцияларының орналасуы көрсетілген. ҚҰДО ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының базасында жұмыс істейді. Мониторинг жүйесінің Қазақстандық желісі сейсмикалық және инфрадыбыстық станцияларды қамтиды, олардың деректері Алматы қаласында ҚҰДО-да жиналып өңделеді. Бұл станциялар, бір жағынан, Халықаралық мониторинг жүйесінің жұмысына қатысады, ал екінші жағынан, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аумағындағы сейсмикалық жағдайды бақылауды қамтамасыз етеді.
ҚҰДО міндеттерді:
- ҚР ҰЯО ГЗИ желісінің станцияларынан деректерді жинау және жіберу;
- Халықаралық және Ұлттық орталықтармен деректер алмасу;
- барлық келіп түскен деректерді әр түрлі жеделдік режімдерінде өңдеу;
- сейсмология, сейсмоакустика, геодинамика және т. б. салалардағы зерттеулер.
ҚҰДО бірқатар Халықаралық және шетелдік ұлттық деректер орталықтарымен тұрақты түрде ынтымақтасады, олардың ішінде: ЯСЖТШҰ халықаралық деректер орталығы( IDC, Вена, Австрия); Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC, Париж, Франция); Халықаралық сейсмологиялық орталық (ISC, Англия); АҚШ Ұлттық деректер орталығы (USNDC, Флорида, АҚШ); Халықаралық сейсмология институттарының консорциумы (IRIS, АҚШ); Ресей Геофизикалық қызметінің деректер орталығы (РҒА ГҚ, Обнинск, Ресей); Норвегиялық сейсмологиялық орталық (NORSAR); Германияның Жерді зерттеу Орталығы (GFZ, Потсдам) және т. б.
ҚҰДО жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы Михайлова Наталья Николаевна.
e-mail:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.