Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыVS30 өлшеу және талдау бойынша оқыту


VS
30 ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ

 

2026 жылғы 12–15 қазан аралығында KNDC қызметкерлері — Мукамбаев Айдын, Исагали Асем, Жолдыбаев Алексей және Шульга Михаил— «Vs30 өлшеу және талдау» Training on Vs30 measurement and analysis) тақырыбындағы оқу курсына қатысты. Бұл  курсты Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ISTC) пен Ливермордағы Лоуренс ұлттық зертханасы (Lawrence Livermore National Laboratory, LLNL) ұйымдастырды.

Курстарға Сейсмология, сейсмикалық қауіптілікті бағалау және сейсмикалық қауіптерді зерттеу мәселелерімен айналысатын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Армения ғылыми ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

 

 

Семинарға қатысушылар 

Оқыту шеңберінде «Сейсмикалық қауіптіліктің ықтималдық талдауында (PSHA) топырақ жағдайлары және Vs30 қолдану» (Site Conditions and Vs30 Applications to PSHA) тақырыбында дәрісі өткізілді. Дәрісті Виктория университетінің азаматтық құрылыс кафедрасының профессоры, сондай-ақ Канаданың ғимараттарды сейсмикалық жобалау жөніндегі нормативтік талаптарын әзірлеу жөніндегі Ұлттық комитетінің төрайымы, докторы Туна Онур (Tuna Onur, Ph.D.) оқыды.

Оқыту бағдарламасы Vs30 көрсеткішін — топырақтың жоғарғы 30 метрлік қабатындағы көлденең сейсмикалық толқындардың орташа таралу жылдамдығын анықтау мен талдау бойынша теориялық сабақтарды және практикалық жұмыстарды қамтыды. Бұл параметр алаңдарының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалау және сейсмикалық қауіптілікті ықтималдық тұрғыдан талдау (PSHA) жүргізу үшін өте маңызды.

 

Дәріс сабақтарындағы деректер орталығының қызметкерлері

 

Практикалық сабақтар топырақ жағдайларын зерттеу кезінде сейсмикалық деректерді тіркеу, өңдеу және талдау үшін пайдаланылатын SOILSPY көп арналы цифрлық сейсмографы және SoilSpy Rosina (4.3.2) және Grilla (13.1) мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану арқылы жүргізілді.

 

 

 

Практикалық сабақтар барысында Армения Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтының қызметкерлері Геворг Бабаян мен Микаел Геворкян далалық өлшеулер жүргізу, сейсмикалық деректерді өңдеу және алынған нәтижелерді түсіндіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық тәжірибе алмасу қатысушыларға зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын әдістемелермен, жабдықтармен және бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу ерекшеліктерімен, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілікті одан әрі талдау үшін зерттеу алаңдарының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалау тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.

 


Практикалық сабақтар SOILSPY көп арналы сандық сейсмографымен және SoilSpy Rosina мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану арқылы орындалды.

14 қазанда SOILSPY көп арналы цифрлық сейсмографымен және SoilSpy Rosina (4.3.2) деректерді жинау үшін мамандандырылған бағдарламалық жасақтамамен далалық сабақ ҚР ҰЯО ГЗИ деректер орталығының аумағында өткізілді.

 

  

Семинарға қатысушылар ҚР ҰЯО ГЗИ филиалының Деректер орталығының аумағында

 

KNDC қызметкерлерінің осы оқу курсына қатысуы сейсмикалық шағын аудандастыру, топырақ жағдайларын бағалау және сейсмикалық қауіптілікті талдау салаларындағы практикалық құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстандағы сейсмологиялық жұмыстар тәжірибесіне заманауи зерттеу әдістерін енгізуге ықпал ететін болады. Мұндай зерттеулерді жүргізу жауапты объектілерді салу кезінде құрылыс алаңдарының жағдайларын зерделеуге бағытталған кез келген жобада қажет.

Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының (KNDC) ұжымы оқу курсына қатысуға мүмкіндік бергені, ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен мазмұнды бағдарламасы, сондай-ақ халықаралық әріптестермен кәсіби тәжірибе мен білім алмасу үшін жағдай жасағаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ресми сайты

Танымал басылымдар

VS30 өлшеу және талдау бойынша оқыту

19.10.2026

VS30 ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ   2026 жылғы 12–15 қ
Орталық қызметкері «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

29.09.2026

Орталық қызметкері «Атом саласының үздігі» төсбелгіÑ

Статистика посещений