2026 жылғы 14–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Үрімші қаласында Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністері бойынша 12-ші Халықаралық симпозиум (12th Tianshan International Symposium on Earthquake Sciences) өтті.
Қытайдың Жер сілкіністері жөніндегі әкімшілігінің Геология институты директорының шақыруымен симпозиум жұмысына ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығы директорының орынбасары Мукамбаев Айдын қатысты.
Іс-шара Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және басқа мемлекеттерден келген жер туралы ғылым саласындағы мамандарды біріктірді. Симпозиумның негізгі тақырыбы «Сейсмикалық қауіпсіздік қауымдастығын бірлесіп қалыптастыру және Тянь-Шаньның тұрақты дамуын қамтамасыз ету» болды. Ғылыми бағдарлама белсенді тектоника, сейсмологиялық мониторинг, геофизикалық зерттеулер, сейсмикалық аудандастыру және табиғи қауіптер мен тәуекелдерді бағалауға байланысты кең ауқымды бағыттарды қамтыды. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.
Симпозиум аясында жер сілкінісінің алдын алу және табиғи апаттар қаупін азайту технологиялары бойынша Қытай-Орталық Азия семинары (China-Central Asia Workshop on Earthquake Prevention and Disaster Reduction Technologies) өтті.
Симпозиум барысында Мукамбаев Айдын Тянь-Шань биіктаулы мұздықтарының сейсмикалығын зерттеу нәтижелерін ұсынды. ҚР ҰЯО мамандары сейсмологиялық және инфрақызыл бақылауларды пайдалана отырып, мұздық процестерге көп параметрлік мониторинг жүргізеді. Алынған деректер мұздықтардың динамикасын, мұз массаларының ыдырау процестерін және онымен байланысты табиғи қауіптерді, соның ішінде мұзды-тасты үйінділерін, көшкіндер мен сел жағдайларын зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұл бағыттың өзектілігін биік таулы аймақтардағы табиғи апаттар айқын көрсетеді. Атап айтқанда, 2026 жылдың тамызында Непал мен Қытайдың шекаралас аймағында болған мұзды-тасты опырылуы және одан кейінгі сел тасқыны бір табиғи процестің дамуы өзара байланысты қауіпті құбылыстар тізбегіне қалай әкелетінін көрсетті.
Осыған байланысты биік таулы аумақтардың кешенді мониторингін және ғылыми деректермен халықаралық алмасуды дамыту тау жүйелерінің динамикасын зерделеу және олармен байланысты табиғи қауіптерді бағалау үшін ерекше маңызға ие.
ҚР ҰЯО мамандарының халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы Қытайдың және Орталық Азияның басқа да елдерінің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми деректермен алмасуға және сейсмология және табиғи қауіптер мониторингі саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.
Халықаралық симпозиумның ашылуы
Жер сілкіністерінің алдын алу және табиғи апаттар қауіпін азайту технологиялары бойынша семинардың ашылуы
А.С. Мукамбаевтың «Тянь-Шаньның биік таулы мұздықтарындағы сейсмологиялық бақылаулар» тақырыбындағы баяндамасы
Техникалық сарапшыларды қолдау бағдарламасына (TESP) қатысушылар қатарынан В тобының (WGB-67) отырысына қатысқан 17 сарапшы алғашқы пленарлық, сарапшылар топтарының отырыстарына және техникалық пікірталастарға қатысты; Вена қаласындағы #ЯСЖТШҰ мониторинг объектілеріне барды және Жұмыс тобы төрағасының міндетін атқарушы профессор Ласло Эверспен кездесті. Олардың қатысуы #ЯСЖТШ тексеру жүйесін қолдайтын техникалық сараптаманы нығайтуға ықпал етеді.
2 қыркүйекте Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне (International Day Against Nuclear Tests) орай Вена қаласында Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасы бірлесіп ұйымдастырған ресми іс-шара өтті.
ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы доктор Роб Флойд әрбір ұрпақ өзінен бұрынғы буынның еңбегіне сүйене отырып, оны жалғастыруы үшін #ЯСЖТШ-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Атқарушы хатшы сондай-ақ # ЯСЖТШҰ тексеру жүйесінің негізін қамтамасыз етіп отырған мамандарға алғыс білдіріп, олардың еңбегі мен тәжірибесі ядролық сынақ жарылыстарынан азат әлем құру үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы доктор Роберт Флойд, БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Ребекка Йовин ханым және Қазақстан Республикасының өкілі Ержан Қуатбеков мырза сөз сөйледі.
ЯСЖТШ-ның сақталуын мониторингтеуді жүзеге асыратын жаһандық қоғамдастық атынан мына өкілдер сөз сөйледі:
Іс-шара соңында қатысушылар жалпы фотосуретке түсті. Қазақстан Республикасының Өкілдігі тарапынан фуршет ұйымдастырылды.
23.09.2026
10.09.2026
02.09.2026
23.09.2026
10.09.2026
02.09.2026
31.08.2026
20.08.2026