|
ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының қызметкерлері «Ғылым және Технологиялар – 2025»(SnT2025)халықаралық конференциясына қатысты
|
2025 жылғы 8–12 қыркүйек аралығында Вена қаласында (Австрия) Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ) ұйымдастырған «Ғылым және технологиялар – 2025» (SnT2025) Сегізінші халықаралық конференциясы өтті.
Іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты, олардың ішінде ғалымдар, техникалық және саяси сарапшылар, журналистер мен азаматтық қоғам өкілдері бар. Конференцияның мақсаты – біліммен алмасу және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) қолдауда халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Конференцияда Қазақстанды Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының қызметкерлері – Мұқамбaев Айдын Серікұлы мен Аристова Ирина Львовна таныстырды.
Қазақстандық мамандар келесі тақырыптар бойынша стендтік баяндамалар жасады:
- Тянь-Шань тауларындағы биік таулы мұздықтарды Халықаралық мониторинг жүйесінің (ХМЖ) Қазақстандық сегментінің станцияларын пайдалана отырып мониторингілеу;
- ҚР ҰЯО станциялар желісінің жаһандық және өңірлік мониторингке қосқан үлесі;
- Азғыр сынақ полигонында (Батыс Қазақстан) жүргізілген бейбіт ядролық жарылыстардың тарихи сейсмограммаларын талдау негізінде жүргізілген зерттеулер.
Орталықтың қызметкерлері Қазақстанның Ұлттық деректер орталығында енгізіліп жатқан жаңа ақпаратты жинау және сақтау жүйесі туралы онлайн форматта стендтік баяндама жасады.
ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығы директорының орынбасары Мұқамбaев Айдын «ЯСЖТШ мониторинг жүйесіне экстремалды жағдайлардың әсері» тақырыбындағы панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйледі.
SnT2025 конференциясына қазақстандық мамандардың қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық мониторинг жүйесін дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ЯСЖТШ режимін қолдау жөніндегі жаһандық күш-жігерді нығайтуға қосқан үлесін айқындады.
Конференция туралы ақпарат https://snt2025.ctbto.org сілтемесі бойынша қолжетімді.