Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыҚР ҰЯО ГЗИ ҚҰДО «Ядролық қауіпсіздікті нығайту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамыту және өңірлік ынтымақтастық» атты халықаралық форумға қатысуы
ҚР ҰЯО ГЗИ  ҚҰДО «Ядролық қауіпсіздікті нығайту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамыту және өңірлік ынтымақтастық» атты халықаралық форумға қатысуы

 

 

2026 жылғы 23–24 қыркүйек аралығында Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «Қазақстанның Ядролық қоғамы» қауымдастығының WINCA Network (Women in Nuclear Central Asia Network) желісімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Ядролық қауіпсіздікті нығайту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамыту және өңірлік ынтымақтастық» атты Халықаралық форум өтті.

Форумға Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбританияның, Болгарияның, Грузияның және басқа да мемлекеттердің атом саласының өкілдері қатысты.Форумда ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының ҚҰДО атынан ғылыми қызметкер Дархан Комекбаев баяндама жасады.

Қуанышты жаңалық ретінде айта кетсек, бейнероликтер байқауында ғылыми қызметкер Дархан Комекбаев «Ядролық жарылыстардың тарихи сейсмограммаларын бейбіт мақсатта пайдалану» тақырыбындағы бейнеролигімен екінші орынға ие болды.

 

«Шығармашылық аудиовизуалдық жұмыс» байқауының екінші орын иегері – Дархан Комекбаев.

 

«Шығармашылық аудиовизуалдық жұмыс» байқауында екінші орынға ие болған Дархан Комекбаевқа марапатты табыстау рәсімі. Сертификатты ҚБТУ докторы Аскар Дүйсенбиев табыстады.

Дарханды байқауға сәтті қатысып, жүлделі орын иеленуімен құттықтаймыз!

 

Статистика посещений