Орталық қызметкері «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
28 қыркүйек 2026 жыл, Астана қаласы. Елордада Қазақстанның атом саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға сала ардагерлері, ғалымдар, инженерлер, бейінді ұйымдардың басшылары мен кәсіби қоғамдастық өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсім аясында атом саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін еліміздің жетекші ұйымдарының мамандары Қазақстан Республикасының «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатталғандар қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Геофизикалық зерттеулер институты» арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының талдау және ғылыми зерттеулер тобының бастығы Аристова Ирина да бар.
Сала мамандарының еңбегін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Саткалиев Алмасадам кәсіби кадрлардың, олардың білімі, тәжірибесі мен жауапкершілігінің айрықша рөлін, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығының және жинақталған тәжірибені жас мамандарға берудің маңыздылығын атап өтті.
Орталық ұжымы үшін Ирина Аристованың марапатталуы елеулі оқиға болды және ҚР ҰЯО «ГЗИ» филиалындағы АСАЖӨО қызметкерлерінің Қазақстанның атом саласын дамытуға қосқан кәсіби үлесіне берілген жоғары бағаның айғағы болып табылады.
Аристова Иринаны лайықты марапатымен құттықтаймыз! Оған алдағы кәсіби қызметінде табыс, жаңа ғылыми жетістіктер және Қазақстан Республикасының атом саласының игілігі жолындағы жемісті еңбегіне толағай табыстар тілейміз!






