Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыҚР ҰЯО-ның Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністері бойынша 12-ші Халықаралық симпозиумға қатысу

ҚР ҰЯО-ның Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністері бойынша 12-ші Халықаралық симпозиумға қатысу

 

2026 жылғы 14–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Үрімші қаласында Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністері бойынша 12-ші Халықаралық симпозиум (12th Tianshan International Symposium on Earthquake Sciences) өтті.

Қытайдың Жер сілкіністері жөніндегі әкімшілігінің Геология институты директорының шақыруымен симпозиум жұмысына ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығы директорының орынбасары Мукамбаев Айдын қатысты.

Іс-шара Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және басқа мемлекеттерден келген жер туралы ғылым саласындағы мамандарды біріктірді. Симпозиумның негізгі тақырыбы «Сейсмикалық қауіпсіздік қауымдастығын бірлесіп қалыптастыру және Тянь-Шаньның тұрақты дамуын қамтамасыз ету» болды. Ғылыми бағдарлама белсенді тектоника, сейсмологиялық мониторинг, геофизикалық зерттеулер, сейсмикалық аудандастыру және табиғи қауіптер мен тәуекелдерді бағалауға байланысты кең ауқымды бағыттарды қамтыды. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

Симпозиум аясында жер сілкінісінің алдын алу және табиғи апаттар қаупін азайту технологиялары бойынша Қытай-Орталық Азия семинары (China-Central Asia Workshop on Earthquake Prevention and Disaster Reduction Technologies) өтті.

Симпозиум барысында Мукамбаев Айдын Тянь-Шань биіктаулы мұздықтарының сейсмикалығын зерттеу нәтижелерін ұсынды. ҚР ҰЯО мамандары сейсмологиялық және инфрақызыл бақылауларды пайдалана отырып, мұздық процестерге көп параметрлік мониторинг жүргізеді. Алынған деректер мұздықтардың динамикасын, мұз массаларының ыдырау процестерін және онымен байланысты табиғи қауіптерді, соның ішінде мұзды-тасты үйінділерін, көшкіндер мен сел жағдайларын зерттеуге мүмкіндік береді.

Бұл бағыттың өзектілігін биік таулы аймақтардағы табиғи апаттар айқын көрсетеді. Атап айтқанда, 2026 жылдың тамызында Непал мен Қытайдың шекаралас аймағында болған мұзды-тасты опырылуы және одан кейінгі сел тасқыны бір табиғи процестің дамуы өзара байланысты қауіпті құбылыстар тізбегіне қалай әкелетінін көрсетті.

Осыған байланысты биік таулы аумақтардың кешенді мониторингін және ғылыми деректермен халықаралық алмасуды дамыту тау жүйелерінің динамикасын зерделеу және олармен байланысты табиғи қауіптерді бағалау үшін ерекше маңызға ие.

ҚР ҰЯО мамандарының халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы Қытайдың және Орталық Азияның басқа да елдерінің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми деректермен алмасуға және сейсмология және табиғи қауіптер мониторингі саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.

 

 

 

Халықаралық симпозиумның ашылуы

 

 

Жер сілкіністерінің алдын алу және табиғи апаттар қауіпін азайту технологиялары бойынша семинардың ашылуы


 
 

А.С. Мукамбаевтың «Тянь-Шаньның биік таулы мұздықтарындағы сейсмологиялық бақылаулар» тақырыбындағы баяндамасы

 

 

Статистика посещений