2025 жылғы 10–20 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің РМК «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» (РМК ҰЯО РК) Оксфорд университетінің Жер туралы ғылымдар департаментімен бірлесіп «Сейсмогеология және белсенді жарылымдармен байланысты қауіптілік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Іс-шара 1889 жылғы жойқын Шілік жер сілкінісінің (М 8,3) эпицентрлік аймағында, Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы маңындағы жер сілкіністері мен белсенді жарылымдардың геологиясын зерттеуге арналды.
Семинар Ұлыбританияның Сыртқы істер және достастық істері жөніндегі министрлігі (UK FCDO) жүзеге асыратын Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіптілікті бағалау бағдарламасы аясында және UK COMET ғылыми бастамасының қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар жұмысына сейсмология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Грузия, Армения, Италия, Чили, Ұлыбритания, Польша және Грекияның ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚР ҰЯО тарапынан семинарға қатысқандар: Ұ.А.Игибаев – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының ғалым хатшысы; И.О.Марченко – гидрогеологиялық зерттеулер тобының бастығы; А.С.Муқамбаев – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалындағы АСАЖӨО директорының орынбасары; А.Н. Узбеков – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалындағы АСАЖӨО талдау және ғылыми зерттеулер тобының аға ғылыми қызметкері.
Семинар бағдарламасы лекциялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Қатысушылар аэрофототүсірілім жүргізу және GNSS (DGPS) технологияларын пайдалана отырып, жер бедерінің цифрлық үлгілерін құру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды үйренді, сонымен қатар Оксфорд университетінің профессоры Р Уолкер, Италия ұлттық геофизика және вулканология институтының профессорлары Ф. Синти мен С. Пуччидің және АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінің профессоры Р. Арроусмиттің қатты жер сілкіністер, палеосейсмологиялық зерттеулер және т. б. Тақырыптарды қамтыған лекцияларын тыңдады.
Сата жарығына, сондай-ақ бұрынғы және кейінгі жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған көшкіндер маңында дәрістер өткізілді
Алынған білім мен дағдылар мамандарға белсенді жарылымдарды зерттеуге мүмкіндік береді, бұл аумақтардың сейсмикалық қауіптілігін бағалауда аса маңызды болып табылады.
Семинар қатысушыларының суреті
Профессор Р. Уолкердің дәрісі.
Профессор Ф. Синтидәрісі және «THE SCIENCE AND ART OF PALEOSEISMOLOGY» кітабы
Сата жарығын қазу
Палеосейсмологическая траншея на разломе Саты.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды үйренуде
Профессор Р. Уолкердің Қайыңды көлі маңындағы лекциясында.
ҰЯО РМК ГЗИ филиалынның ғылыми қызметкерлері











