Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыАЛҒАШ РЕТ ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ - ҒАЛЫМДАРҒА АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТТЫ ТАПСЫРУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

АЛҒАШ РЕТ ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ - ҒАЛЫМДАРҒА АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТТЫ ТАПСЫРУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

 

2025 жылғы 06 наурыз күні, Алматы қаласында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясында алғаш рет әйел ғалымдарды Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш әйел академик Нәйлә Оразғұлқызы Базанова атындағы арнайы медальмен марапаттады.

Іс-шараға отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 400-ге жуық жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Салтанатты рәсімде ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан және ғылымның түрлі салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 48 жетекші әйел ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер академик Н. Базанова атындағы медальмен марапатталды.

Салтанатты шараға «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК ГЗИ филиалындағы арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Михайлова Наталья Николаевна қатысып, академик Н.Базанова атындағы медальмен марапатталды. Сыйлықты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, профессор Ахылбек Қажығұлұлы Күрішбаев табыс етті.


 

Ұлттық ядролық орталығының ұжымы Наталья Николаевнаны ғылымға  қосқан үлесі мен жоғары жетістіктерін айғақтайтын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды.

 

 

Статистика посещений