Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыЯдролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы доктор Роберт Флойдтың мәлімдемесі


Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы доктор Роберт Флойдтың мәлімдемесі

Вена, Австрия

18 қазан 2023 жыл


Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы бүгін Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялауды алып тастау туралы заң қабылдау туралы шешім қабылдады, бұл өте көңіл қалдырарлық және өкінішті жағдай.

Бұл шешім ЯСЖТШ-ның күшіне енуін көру жаһандық ұмтылысқа қарсы келеді.
Ядролық сынақтарды тоқтату миссиясы бүкіл әлемде қолдау тапты. Тек соңғы екі жылда тағы тоғыз ел ЯСЖТШ-ға қол қойды немесе ратификациялады, осылайша қол қоюшылар саны 187-ге дейін, ал шартты ратификациялаған елдер саны 178-ге дейін өсті. Мен бұл үдерістің жалғасы болатынына сенімдімін.
Ресей Федерациясы ратификацияны қайтарып алу оның ЯСЖТШ-дан шығуын білдірмейді және Ресей Шартқа адал болып қалады, оның аумағында орнатылған ЯСЖТШ мониторингінің барлық станциялары жұмысын жалғастырады және деректерді барлық елдерге береді деп мәлімдеді.  Ресей Федерациясы сонымен қатар ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының мүшесі болып қала беретінін және барлық міндеттерді орындауды жалғастыратынын және Шартқа қатысушы басқа елдермен тең құқықтарды сақтайтынын мәлімдеді.

Мен осы уақытқа дейін Шартты ратификацияламаған барлық елдерді, әсіресе Шарттың күшіне енуі үшін ратификациялауды қажет ететін  елдерді   жақын арада Шарт жасауға шақыруды жалғастырамын. 

Бұл жаһандық қоғамдастықтың жұмысы өз бағытын өзгертпейді. Біз ядролық сынақтарсыз әлем құру миссиямызға қазіргі кезде бұрынғыдан да маңызды миссияға терең берілгенбіз.


Тарихи анықтама

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) кез келген жерде және кез келген уақытта кез келген ядролық жарылыстарды жүргізуге тыйым салады.   Қазіргі уақытта Шартқа қол қойған 187 мемлекеттің 178-і оны ратификациялады. Шарт күшіне ену үшін Шарттағы 2-қосымшада санамаланған барлық 44 мемлекет ратификациялауы тиіс, оның ішінде 8 мемлекет осы уақытқа дейін оны ратификацияламаған.

Шартты сақтау үшін ЯСЖТШҰ халықаралық мониторинг жүйесін (ХМЖ) ұйымдастырды. Қазіргі уақытта 337-ден 305 мониторинг нысаны сертификатталған, олар бүкіл әлем бойынша орнатылған және төрт негізгі технологияны қолданады: сейсмикалық, гидроакустикалық, инфрақызыл және радионуклидтік.

ХМЖ жинаған деректерді әртүрлі мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады, соның ішінде табиғи апаттар қаупін азайту, мысалы, сейсмикалық бақылау жүйелері және цунами туралы ерте ескерту арқылы. Сонымен қатар, деректерді киттердің көші – қонынан климаттың өзгеруіне және муссондық жаңбырдың болжамына дейінгі әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады.

Келісім-шарт және ұйым туралы қосымша ақпаратты мына жерден. www.ctbto.org  және @CTBTO on Twitter, Facebook, and LinkedIn табуға болады.

 

Статистика посещений