Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыЯдролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың мәлімдемесі


Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы

хатшысы Роберт Флойдтың мәлімдемесі

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей Федерациясы ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялаудан бас тартуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болды.

Ресей Федерациясы басынан бастап ЯСЖТШ-ны үнемі қолдап, қарусыздану жөніндегі конференцияда шарт бойынша келіссөздерге көмек көрсетті және 1996 жылғы 24 қыркүйекте қол қоюға ашылған күні ЯСЖТШ – ға қол қойды, содан кейін оны 2000 жылғы маусымда ратификациялады.

Ресей ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады, халықаралық мониторинг жүйесінің (ХМЖ) белгіленген станцияларының саны бойынша аумақтық жағынан екінші орында (32 станция). Ресей шенеуніктерінің мақсатты жұмысының арқасында станцияларды орнату биыл аяқталады.

Егер Шартқа қатысушы елдердің кез келгені ЯСЖТШ ратификациялау туралы шешімін қайта қараса, бұл өте алаңдатарлық және өкінішті болады. Соңғы екі жылда біз ЯСЖТШ-ның белсенді ратификациялануын байқадық, қазіргі уақытта 178 ел шартты ратификациялады.

ЯСЖТШ ядролық сынақтарға қарсы күшті режим орнатты және бүкіл адамзаттың игілігі үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке баға жетпес үлес қосты.  Қазіргі уақытта бұл үлесті бұрынғыдан да күшейту маңызды.

Ресей Федерациясымен және ядролық сынақтардан азат әлем құруға үлес қосқан барлық мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа үміттенемін.

Тарихи анықтама

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) кез келген жерде және кез келген уақытта кез келген ядролық жарылыстарды жүргізуге тыйым салады.  Қазіргі уақытта шартқа қол қойған 187 мемлекеттің 178-і оны ратификациялады. Шарт күшіне ену үшін Шартқа 2-Қосымшада санамаланған барлық 44мемлекет ратификациялауы тиіс, оның ішінде 8 мемлекет осы уақытқа дейін оны ратификацияламаған.

Шартты сақтау үшін ЯСЖТШҰ халықаралық мониторинг жүйесін (ХМЖ) ұйымдастырды. Қазіргі уақытта 337-ден 305 мониторинг нысаны сертификатталған, олар бүкіл әлем бойынша орнатылған және төрт негізгі технологияны қолданады: сейсмикалық, гидроакустикалық, инфрақызыл және радионуклидтік.

ХМЖ жинайтын деректерді әртүрлі мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады, соның ішінде табиғи апаттар қаупін азайту, мысалы, сейсмикалық бақылау жүйелері және цунами туралы ерте ескерту арқылы. Сонымен қатар, деректерді киттердің көші – қонынан климаттың өзгеруіне және муссондық жаңбырдың болжамына дейінгі әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін пайдалануға болады.

 

 

Статистика посещений