Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыНорвегиядан делегацияның ҚҰДО -на сапары

          

Норвегиядан делегацияның ҚҰДО -на сапары

2023 жылғы 22 мамырда Норвегия Корольдігінің Елшісі және норвегиялық сейсмологиялық орталық (NORSAR) делегациясының Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына сапары аясында Алматы қаласындағы ҚР ҰЯО ГЗИ қазақстандық ұлттық деректер орталығына барды. НОРСАР делегациясының құрамына: Анне Строммен Лике – НОРСАР директоры, Арве Миельва – директордың орынбасары, Волкер Ойе – қолданбалы сейсмология бөлімінің бастығы, Бен Дандо – СТВТ орындалуын бақылау жұмыстарының жетекшісі, Джон Магнус Христенсен – Норвегияның ұлттық деректер орталығының жетекшісі кірді.

ҚҰДО мен НОРСАР 2001 жылы басталған көпжылдық ынтымақтастықты байланыстырады. НОРСАР-мен кооперацияда жер сілкінісі мен ядролық сынақтардың сейсмикалық мониторингіне қатысты бірқатар ғылыми жобалар жүзеге асырылды , 2010 жылы Норвегия СІМ- мен НОРСАР орталығының қолдауымен Орталық Азия елдерінің ұлттық орталықтарының сейсмолог-мамандарын оқыту үшін ЯСЖТШ-ны қолдайтын халықаралық оқу орталығы құрылды және табысты жұмыс істеді.

ҚҰДО -да қонақтарды ҚР ҰЯО бас директоры Э.Ғ. Батырбеков, ҚР ҰЯО бас директорының орынбасары С.А. Березин, ҚҰДО директоры Н.Н. Михайлова қарсы алып, Деректер орталығына экскурсия жүргізді, ҚР ҰЯО сейсмикалық және инфрақызыл станцияларынан келіп түсетін деректерді жинау және өңдеу процесімен, халықаралық орталықтармен деректер алмасу қызметін жүргізумен таныстырды. Қонақтар ядролық жарылыстар туралы жазбалары бар тарихи сейсмограммалар мұрағатына барды. Н.Н. Михайлова 20 жылдан астам уақыт ішінде екі орталықтың бірлескен жұмыстары мен ынтымақтастық нәтижелері бойынша презентация жасады.

Әрі қарай Норвегиядан келген қонақтар Норвегия Корольдігінің Орталық Азия елдеріндегі елшісі Джон Микал Квистад мырзамен бірге Курчатов қаласына бет алды. Олар бұрынғы Семей полигоны - пилоттық Полигон, «Байкал-1» КЗР,  зертханалар, қазақстандық материалтану КТМ токамак стендтік кешені, Курчатов-Крест халықаралық мониторинг жүйесінің сейсмикалық тобын аралады.

 

 

Статистика посещений