Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыОңтүстік Судан ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартты ратификациялауға дайындалуда


Оңтүстік Судан ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартты ратификациялауға дайындалуда

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, Оңтүстік Судан Республикасы ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялау үстінде.

Шарт жан-жақты міндеттеме болып саналып, әскери немесе бейбіт мақсатта қандай да бір ядролық жарылыстар жасауға тыйым салады.

Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің өкілі Адут Джоквен,  ел Шартты ратификациялауға және сол арқылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке өз үлесін қосуға ниетті екенін айтты.

Бұл мәлімдемені А. Джоквен сәрсенбіде ұлттық SSBC арнасында ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШ) атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың елге сапарынан кейін жасады.

«Доктор Флойдтың Джубаға сапары ЯСЖТШ өкілінің елге алғашқы сапарын белгіледі. Сыртқы істер министрі мен ЯСЖТШ атқарушы хатшысы Оңтүстік Суданның бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесін ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде талқылады», - деді А.Джоквен.

Сондай-ақ, қазіргі бейбіт келісім және Оңтүстік Суданның ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартты ратификациялау жөніндегі жұмысы талқыланды.

Елге алғаш келген Р. Флойд елдің шартты ратификациялау жұмысын аяқтауға деген ұмтылысын жоғары бағалады.

«Оңтүстік Суданның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне қаншалықты байыпты қарайтынын көру үлкен мәртебе, мен бүгін Сыртқы істер министрінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы сөздерін және оның Оңтүстік Суданның ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісімді ратификациялағанын көргісі келетінін естігеніме қуаныштымын».

«Оңтүстік Суданның бүкіл адамзат үшін осындай маңызды келісімді сақтау мәселесінде 51 елден тұратын Африканың басқа елдерінің жанында тұрғанын көру өте үлкен мәртебе», - деп қосты Р.Флойд.

177 елде ратификациялаған ЯСЖТШ, оның ішінде Африканың 51 елі,  ядролық сынақтарды тоқтату үшін барлық елдерден қолтаңбаларын жинауға бағытталған.

Алайда, кейбір ықпалды елдер, соның ішінде АҚШ, Сауд Арабиясы және Үндістан әлі күнге дейін келісімді ратификациялаған жоқ.

 

Статистика посещений