Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтары24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Вена қаласында (Австрия) Б 67 жұмыс тобының (Working Group B 67 (WGB)) кезекті сессиясы өтті

24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында  Вена қаласында (Австрия) Б 67 жұмыс тобының (Working Group B 67 (WGB)) кезекті сессиясы өтті.

Техникалық сарапшыларды қолдау бағдарламасына (TESP) қатысушылар қатарынан В тобының (WGB-67) отырысына қатысқан 17 сарапшы алғашқы пленарлық, сарапшылар топтарының отырыстарына және техникалық пікірталастарға қатысты; Вена қаласындағы #ЯСЖТШҰ мониторинг объектілеріне барды және Жұмыс тобы төрағасының міндетін атқарушы профессор Ласло Эверспен кездесті. Олардың қатысуы #ЯСЖТШ тексеру жүйесін қолдайтын техникалық сараптаманы нығайтуға ықпал етеді.

 

2 қыркүйекте Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне (International Day Against Nuclear Tests) орай Вена қаласында Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасы бірлесіп ұйымдастырған ресми іс-шара өтті.

ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы доктор Роб Флойд әрбір ұрпақ өзінен бұрынғы буынның еңбегіне сүйене отырып, оны жалғастыруы үшін #ЯСЖТШ-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Атқарушы хатшы сондай-ақ # ЯСЖТШҰ тексеру жүйесінің негізін қамтамасыз етіп отырған мамандарға алғыс білдіріп, олардың еңбегі мен тәжірибесі ядролық сынақ жарылыстарынан азат әлем құру үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Іс-шара барысында ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы доктор Роберт Флойд, БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Ребекка Йовин ханым және Қазақстан Республикасының өкілі Ержан Қуатбеков мырза сөз сөйледі.

 

ЯСЖТШ-ның сақталуын мониторингтеуді жүзеге асыратын жаһандық қоғамдастық атынан мына өкілдер сөз сөйледі:

  • Қазақстанның Ұлттық деректер орталығынан — Абылай Узбеков;
  • Боливияның Ұлттық деректер орталығынан — Гонсало Фернандес;
  • ЯСЖТШ тәлімгерлік Бағдарламасының атынан — Қытай Халық Республикасының өкілі Шуан Фэн ханым.

 

 

 

Іс-шара соңында қатысушылар жалпы фотосуретке түсті. Қазақстан Республикасының Өкілдігі тарапынан фуршет ұйымдастырылды.

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ресми сайты

Танымал басылымдар

VS30 өлшеу және талдау бойынша оқыту

19.10.2026

VS30 ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ   2026 жылғы 12–15 қ
Орталық қызметкері «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

29.09.2026

Орталық қызметкері «Атом саласының үздігі» төсбелгіÑ

Статистика посещений