Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыҚР ҰЯО ГЗИ ҚҰДО қызметкерлерінің Өзбекстан, Ташкент қаласында өткізілген Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 іс-шарасына қатысуы

ҚР ҰЯО ГЗИ ҚҰДО қызметкерлерінің Өзбекстан, Ташкент қаласында өткізілген Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 іс-шарасына қатысуы

 

2026 жылғы 24-28 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Г.А. Мавлянов атындағы Сейсмология институты ұйымдастырған «Жас сейсмологтар мектебі – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Мектеп жұмысына ТМД елдерінен сейсмология және геофизика саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының ҚҰДО атынан Исагали Асем мен Онайбек Назым қатысты.

Исагали Асем халықаралық жас сейсмологтар алаңы аясында Қазақстан Республикасының ғылыми қауымдастығының өкілі ретінде іс-шараның ашылу рәсіміне қатысты.  

 

  

Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 іс - шарасының қатысушылары мен ұйымдастырушылары.

 

 

Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 іс-шарасының ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының өкілі Исагали Асем.

 

Ғылыми бағдарлама аясында Онайбек Назым «Биік таулы Тянь-Шань мұздықтарының динамикасын зерттеуге арналған криосейсмологиялық зерттеулер» тақырыбына баяндама жасады. Баяндамада Биік таулы Тянь-Шань мұздық массивтеріндегі динамикалық процестерді зерттеу үшін сейсмологиялық әдістерді қолдану нәтижелері, криосейсмикалық оқиғаларды тіркеу ерекшеліктері және сондай-ақ мұздықтардың жай-күйі мен динамикасын зерттеу үшін алынған деректерді пайдалану мүмкіндіктері ұсынылды.

 

Онайбек Назымның «Биік таулы Тянь-Шань мұздықтарының динамикасын зерттеуге арналған криосейсмологиялық зерттеулер» тақырыбына баяндама жасауы


Исагали Асем «Батыс Қазақстанның сейсмикалығын геологиялық-геофизикалық және сейсмологиялық деректер негізінде кешенді бағалау» тақырыбына баяндама ұсынды. Баяндамада геологиялық, геофизикалық және сейсмологиялық деректер кешенін пайдалана отырып, Батыс Қазақстанның сейсмикалығын зерттеу нәтижелерін ұсынды, сонымен қатар сейсмикалық оқиғалардың кеңістіктік таралу ерекшеліктері және өңірдің сейсмикалық қауіптілігін бағалау мәселелерін қарастырды.

 

 

Исагали Асемнің «Батыс Қазақстанның сейсмикалығын геологиялық-геофизикалық және сейсмологиялық деректер негізінде кешенді бағалау» тақырыбына баяндама жасауы.


 «Халықаралық жас сейсмологтар мектебіне» қатысу ҚР ҰЯО ГЗИ қызметкерлеріне жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға, басқа елдерден келген әріптестермен тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми тәсілдермен танысуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 іс-шарасына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.

Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 қатысушылары Исагали Асем мен Онайбек Назымға сертификат  табыстау.

 

ҚР ҰЯО ГЗИ деректер орталығы Халықаралық жас сейсмологтар мектебі – 2026 ұйымдастырушыларына ҚР ҰЯО ГЗИ АСАЖӨО қызметкерлерін іс-шараға қатысуға шақырғаны, мазмұнды ғылыми бағдарлама мен іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Сонымен қатар Мектеп қатысушыларына көрсетілген қонақжайлылық пен қалыптасқан жылы әрі достық атмосфераны ерекше атап өткен жөн. Қатысушыларға көрсетілген ілтипат, кәсіби қарым-қатынастағы ашықтық және ғылыми жұмыстың нәтижелі өтуіне қолайлы жағдайлардың жасалуы, тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға ықпал етті.

Мұндай халықаралық іс-шараларды өткізу жас ғалымдардың кәсіби дамуына, ғылыми білім мен практикалық тәжірибе алмасуына, ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ сейсмология және геофизика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 

 

Статистика посещений