Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыДеректер орталығы өкілінің Моңғолияның Улан-Батор қаласында өткен ANSO-MAS 2026 халықаралық конференциясына қатысуы

Деректер орталығы өкілінің Моңғолияның Улан-Батор қаласында өткен ANSO-MAS 2026 халықаралық конференциясына қатысуы.

2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында ANSO-MAS 2026 – «Азиядағы экологиялық қауіптер жөніндегі II халықаралық конференция – Болашақтағықауіп-қатерлерге төзімділікті арттыру» (The 2nd Conference on Environmental Hazards in Asia – Building Resilience to Future Hazards) атты конференция өтті. Конференцияға Ауғанстан, Түркия, Үндістан, Ұлыбритания, Филиппин, Ресей, АҚШ, Жапония, Непал, Таиланд, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Франция, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Шри-Ланка, Алжир және Канада сынды көптеген елдердің ғалымдары мен сарапшылары жиналды.

Конференцияның алғашқы екі күні қатысушылардың ауызша баяндамалары төмендегі үш секция аясында тыңдалды:

  • Building Resilience (Төзімділікті арттыру);
  • Environmental Hazards (Экологиялық қауіптер);
  • Earthquakes & Cities (Жер сілкіністері және қалалар).

Үшінші күні мынадай сессиялар өткізілді:

  • Панельдік сессия – Қаржыландырудың басым бағыттары;
  • Топтық сессия – Жобалық ұсыныстарға арналған идеялар;
  • Топтық сессия – Жобалық ұсыныстарды әзірлеу;
  • Конференцияның жабылу рәсімі.

Конференция барысында постерлік сессия ұйымдастырылды.

 

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының АҒҚ Узбеков Абылай Нурсарсенович қатысып, «Seismic monitoring and the results of its application in Kazakhstan to study seismic events of various nature» тақырыбында ауызша баяндама жасады.

Төменде конференцияның жұмыс барысынан және мәдени бағдарлама аясында өткізілген іс-шаралардан фотосуреттер ұсынылған.


 Конференцияның өткізілу орны – Моңғолия Ғылым академиясының Астрономия және геофизика институты (MAS). 

 

Конференцияға қатысушыларды тіркеу.

Баяндамамен   А.Н.Узбеков сөз сөйлеуде.

Аудитория сұрақтарына жауап беру.



Конференцияның қорытынды күні. Мәдени бағдарлама аясында қатысушылар Ұлы Шыңғыс хан музейін тамашалады.



 

Орталық жаңалықтары

Статистика посещений