Әріптесіміз Асем Исағалиді шын жүректен құттықтаймыз!
Деректер орталығының ұжымы жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXV конференция-байқауында І орын иеленген кіші ғылыми қызметкер Исағали Әсем Айдарқызын шын жүректен құттықтайды!
Байқауда ҚР ҰЯО ГЗИ сейсмикалық станцияларының деректерін Шүлбі ГЭС аумағының сейсмикалық қауіптілігін зерттеуді пайдалану тақырыбына баяндама ұсынды.
Әсемге ғылыми қызметінде жаңа жетістіктер, жүргізіп жатқан зерттеулерінде мол табыс және бақыт тілейміз!
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXV конференция-байқауы өз мәресіне жетті. Үш күн ішінде – 2026 жылғы 20-22 мамыр аралығында өткен іс-шара Қазақстанның атом саласының дарынды жас ғалымдарын біріктірді.
Биылғы байқау тағы бір мәрте ең перспективті идеялардың ашық кәсіби диалог барысында туындайтынын дәлелдеді. Атом саласы кәсіпорындарының жас қызметкерлері (Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ЖООөкілдері (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Шәкәрім университеті, Томск политехникалық университеті) өздерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін әріптестері мен сарапшылар алқасының назарына ұсынды.
Реакторлық технологиялар, радиациялық және сейсмикалық қауіпсіздік, цифрлық шешімдер және ғылымның басқа да өзекті бағыттары саласындағы заманауи зерттеулер мен практикалық әзірлемелер басты назарда болды. Жас мамандардың көптеген жобалары бүгінде практикалық іске асыру үшін жоғары әлеуетке ие.
Байқауға ғалымдар буыны арасындағы сараптамалық талқылаулар мен тәжірибе алмасу ерекше көңіл-күй сыйлады.

Конференция білім алмасуға, ғылыми-техникалық өзекті мәселелерді талқылауға және атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа кәсіби байланыстарды қалыптастыруға арналған тиімді алаңға айналды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық қатысушылар мен сарапшыларға жемісті жұмыстары, ұсынылған жобалардың жоғары деңгейі және бірлескен бастамаларға дайындықтары үшін алғыс білдіреді.
Байқау жеңімпаздарының есімдері:
I орын - Исағали Әсем Айдарқызы, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері.
II орын - Оспанова Жанна Нурболатовна, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының кіші ғылыми қызметкері;
- Надеева Анастасия Михайловна, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының инженері.
III орын - Ашибаев Арыстан Шыңғысұлы, Ядролық физика институтының инженері;
- Утешева Айнамгуль Алтаевна, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Жоғары технологиялар институтының ғылыми қызметкері;
- Секен Дархан Мұқаметоттарұлы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының инженері.
Дайындық кезінде https://www.facebook.com/share/18bjy2YQRB/?mibextid=wwXIfr ақпараттары пайдаланылды





