Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыҚР ҰЯО РМК ГЗИ Мәліметтер орталығының Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Жаhандық сейсмологиялық бақылаулар бойынша бағдарламасына мамандардың қатысуы

 

ҚР ҰЯО РМК ГЗИ Мәліметтер орталығының Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Жаhандық сейсмологиялық бақылаулар бойынша бағдарламасына мамандардың қатысуы 

 

Халықаралық қауымдастық Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) қолданысқа енгізуге және ЯСЖТШ сәйкестігін бақылау үшін Халықаралық мониторинг жүйесін (ХМЖ) жасауды аяқтауға күш салуда. Сейсмологиялық әдістерді қолданатын бақылау технологиясы ЯСЖТШ верификациясында маңызды рөл атқарады.Жапондық сыртқы істер министрілігінің бастамасымен 1995 жылы Сейсмология және инженерлік сейсмология халықаралық институты (IISEE) Жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA)  бірлесе отырып Жапонияның ядролық қарусыздануға қосқан үлесі аясында Жаһандық сейсмологиялық бақылаулар бойынша оқу курсын бастады.

IISEE жапон оқытушыларының көмегімен сейсмикалық бақылаулар арқылы ядролық сынақтарды анықтау үшін қажетті дағдыларды игеретін, сондай-ақ МСМ станцияларының деректерін пайдалана отырып, ЯСЖТШ-ны қолдау үшін ядролық сынақтарды табу үшін қажетті деректерді талдау әдістерін меңгеретін мамандарды, адам ресурстарын дамытуға негізгі күшін жұмсайды.

Мониторинг саласындағы біліктілікті арттыру үшін ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының ғылыми қызметкерлері Узбеков Абылай мен Исағали Әсем 2024 жылғы 8 қаңтардан 2 наурыз аралығында «Жаһандық сейсмологиялық байқау» IISEE тренинг - курсына қатысады. Фотода - курстың қатысушылары, ұйымдастырушылар мен оқытушылар сабақтың ашылуында.

 

 

 

 

Статистика посещений