Басты бетЖаңалықтарОрталық жаңалықтарыҚазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерінің “Nature” журналында жарияланған ғылыми мақаласы

 

2024 жылы “Nature Geoscience" журналынының “Correspondence"  бөлімінде "Континентальды Азиядағы жер сілкінісіне төзімділікті арттырудың шұғыл қажеттілігі" атты мақала жарық көрді.   (Urgent need for greater earthquake resilience in continental Asia) https://doi.org/10.1038/s41561-024-01531-0

Мақаланы Қырғызстан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан және Канададан келген әртүрлі елдердің халықаралық ғалымдар тобы ұсынды. Бұл командаға Қазақстан атынан ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкері Айдын Мұқамбаев – ҚР ҰЯО ГЗИ деректер орталығы директорының орынбасары қатысты.  Мақала тұжырымдамалық сипатта және урбандау нәтижесінде қалалардың жер сілкіністеріне осалдылығының артуын шешу үшін ғылыми зерттеулерге негізделген жаңа тәсілдерді шұғыл түрде бастауға шақырады

Азияда климаттық жағдайы қатал өңірлерде көптеген елді мекенге ландшафтты қалыптастырып, халықты сумен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді жарылымдардың болуы өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды. Алайда белсенді жарылымдар күшті жер сілкіністерінің ықтимал қауіпін туындатады.

2024 жылдың басында Алматыдан шалғай жерлерде болған соңғы жер сілкіністері Қазақстанның бұрынғы астанасында қатты дүмпулер тудырып, Алматының 1887, 1889 және 1911 жылдары өткен үш ірі жер сілкінісінен қатты зардап шеккенін еске салды. Сол кезде жер сілкінісі қаладан алыс жерлердегі жарылымдарда болды, бірақ қаланың өзі ұзақ белсенді жарылымда орналасқандығы туралы көптеген дәлелдер бар. Келесі үлкен жер сілкінісі болғанға дейін жер сілкінісіне төзімділікті күшейту қажет. Бұл тек Алматы үшін ғана емес, сонымен қатар Бішкек, Ташкент, Тегеран немесе Ашхабад сияқты белсенді жарылымдарда немесе оларға өте жақын орналасқан халқы көп Орталық Азияның көптеген басқа қалалары үшін де қатысты.

 

Ең ауыр жер сілкіністерінен кейін Алматы маңында сейсмикалық тыныштық орнады. Сейсмикалық үрдістің бұл сипаты жер сілкіністерінің салдарын азайту міндетін қиындатады, ол тез ұмытылып, адамдардың назары жылдам басқаға ауысады. ЕГЕР үлкен жер сілкінісі болса және бұл қалалар ҚАЙТАДАН зардап шегетін болса деген сұрақ еш туындамайды.

Қауіптердің таралуын түсіну үшін геологиялық және тарихи деректерді, деформация жылдамдығының аймақтық таралуы туралы мәліметтерді және сейсмикалық каталогтарды біріктіру өте маңызды. Геологиялық дәлелдемелердің барлық спектрі сақталғанша, шұғыл жұмыс істеуді бастау қажет.

Алматыдағы күрделі міндет – мәдени мұра объектілері, кеңес дәуіріндегі үйлер, заманауи биіктіктер, өсіп кеткен қала маңындағы ғимараттар жоғары сейсмикалық қауіп тудырады. Жер сілкінісінің қауіпі уақыт пен кеңістікте күрделі, бұл егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Алматының айналасында Тарихи мысалдарға негізделген сценарийлерге қарағанда үлкен шығындарға әкелуі мүмкін бұрыннан қалған белгісіз белсенді жарылымдар болуы мүмкін деп болжауға болады. Континентальды Азиядағы жер сілкінісіне төзімділік тәсілдерін іздеу жолына қол жеткізуге болады және ол ынтымақтастықты қажет етеді. Мұнда геоғылымдар басты рөл атқарады. Бірінші қадам-қауіптің пайда болу орнын, тәуекелді тиімді бағалау және оның салдарын азайту үшін қажетті іргетасты анықтау. Халықаралық серіктестік қолдау көрсете отырып, ұлттық агенттіктер мен академиялық қауымдастықтардың әлеуетін нығайтады. Халықты ақпараттандыру жөніндегі күш-жігер, саясаткерлердің ұзақ мерзімді қолдау көрсетуі – жер  сілкіністерін азайту жолындағы ең қажетті  қадамдар. Соңғы апаттар көрсеткен нақты мысалдардан жоғары осалдық көрсетілгенгенше осы кезден бастап әрекет ету маңызд.

 

Статистика посещений